Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің 03.07.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 01-11/104 ұсынысы негізінде, Березов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Гончаровка ауылында "Гончаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында, жылқыларда ринопневмония ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің әкімі |
А. Дауренбеков |