Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 08.04.2022 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қазандағы № 01-11/278 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Мустафина |