Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 10.05.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5733 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада 11-тармақ, "Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды) орнату орындары" бағаны келесі редакцияда жазылсын:
"Полудино ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, орталық алаң.".
2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Д.М. Токужиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Шарипов |