Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі |
Р. Анбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 235 Қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 болып тіркелген).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы № 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5271 болып тіркелген).
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 "Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 424 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5700 болып тіркелген).