"Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 109 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 5271 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 04.06.2021 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3 тармағына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №141 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 маусымында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қөрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

  Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "28" наурыздағы №109 қаулысына қосымша
  Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "18" мамырдағы №141 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Жаркөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

136

2 %

3

"Астық-Stem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

2 %

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады