Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 15-40/159 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің Аққұдық ауылында орналасқан "Племзавод Алабота" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23006 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алабота ауылдық округінің әкімі | Е. Калиакпаров |