Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 27 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қыркүйекте № 24526 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 15-40/159 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің Аққұдық ауылында орналасқан "Племзавод Алабота" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23006 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алабота ауылдық округінің әкімі Е. Калиакпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады