Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 15-12/90 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің Докучаев ауылындағы "Атамекен-Агро-Тимирязево" жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7356 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Розумов |