Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 маусымда № 23138 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 15-12/90 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің Докучаев ауылындағы "Атамекен-Агро-Тимирязево" жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7356 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Розумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады