Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-65 с 1-тармақ (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер – 4 693 326,3 мың теңге:
салықтық түсімдер – 451 765,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 11 269,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 423 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 220 868,8 мың теңге;
2) шығындар – 4 821 041,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 16 728,7 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 43 684,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 955,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 144 443,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 144 443,7 мың теңге:
қарыздар түсімі – 43 684,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 26 955,8 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 127 715 мың теңге.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер ескерілсін, соның ішінде:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға;
3) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар тізбесін кеңейтуге;
4) протездік-ортопедиялық құралдарға;
5) сурдотехникалық құралдарға;
6) тифлотехникалық құралдарға;
7) арнайы қозғалыс құралдарына (кресло-арбалар);
8) санаторий-курорттық емделуге;
9) жалақыны ішінара субсидиялауға;
10) көшуге субсидиялар беруге;
11) жастар практикасына;
12) тұрғын үйді жалға алу (жалдау) және коммуналдық шығындарды өтеуге;
13) мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге:стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық – әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары;
14) қоғамдық жұмыстарға;
15) қоныс аударушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға;
16) халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;
17) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және мұрағат мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;
18) жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанғандар үшін тұрғын үйді сатып алуға,
19) Кішкенекөл ауылының жолдарын орташа жөндеуге;
20) Кішкенекөл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге.
Аталған республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер Уәлиханов ауданы әкімдігінің "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы "Аудандық маслихат шешімін іске асыру туралы" қаулысымен айқындалады.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін, соның ішінде:
1) мәдени демалыс үйлері жанындағы мәдени-сауықтыру орталықтарын жарақтандыруға;
2) аудандық маңызы бар КТUL-336 "Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл" автомобиль жолының су жыртып кеткен учаскелерін орташа жөндеуге;
3) аудан ауылдарындағы су құбырының таратушы желілерін ағымдағы жөндеуге;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге;
5) аудан ауылдарында спорттық-ойын алаңын жайластыруға;
6) аудан ауылдарындағы көше жарығын ағымдағы жөндеуге;
7) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге;
8) Кішкенекөл ауылында жабық мұз айдынын салуға;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға;
10) ауылдық кітапханаларды интернет желісіне қосуға, телефонизациялауға, интернет үшін компьютерлер сатып алуға;
11) Кішкенекөл ауылының жолдарын орташа жөндеуге;
12) Кішкенекөл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;
13) аудан әкімінің әкімшілік ғимараттын күрделі жөндеуге;
14) контейнерлерді сатып алуға;
15) 9 мамырға біржолғы төлем;
16) Кішкенекөл ауылында биотермиялық шұңқырдың құрылысына.
Аталған сомаларды бөлу Уәлиханов ауданы әкімдігінің "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы "Аудандық маслихат шешімін іске асыру туралы" қаулысымен айқындалады.";
көрсетілген шешімнің 1, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы | М. Абдулов |
Уәлиханов аудандық | |
мәслихатының | |
2021 жылғы 25 қарашадағы | |
№ 2-12 c шешіміне | |
1-қосымша | |
Уәлиханов аудандық | |
мәслихатының | |
2020 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 2-65 с шешіміне | |
1-қосымша |
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджеті
Уәлиханов аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 25 қарашадағы | |
№ 2-12 с шешіміне | |
2-қосымша | |
Уәлиханов аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 2-65 с шешіміне | |
5-қосымша |
2021 жылға арналған арналған 451.007 "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
1 | 2 | 3 | ||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 25808,7 | ||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 25808,7 | ||
007 | Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек | 25808,7 |
Уәлиханов аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 25 қарашадағы | |
№ 2-12 с шешіміне | |
3-қосымша | |
Уәлиханов аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 2-65 с шешіміне | |
6-қосымша |
2021 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттiк қаражаттың бос қалдықтарын бағыттау
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
1 | 2 | 3 | ||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 15468,7 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 10000 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 10000 | ||
495 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 5468,7 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 5468,7 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 13770,1 | ||
495 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 13770,1 | ||
058 | Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту | 13770,1 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 9400 | ||
495 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 5400 | ||
021 | Cпорт объектілерін дамыту | 5400 | ||
478 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 4000 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 4000 | ||
15 | Трансферттер | 89076,2 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 89076,2 | ||
006 | Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару | 1457,3 | ||
024 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 86089 | ||
053 | Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | 1529,9 | ||
Барлығы | 127715 |