Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 қазандағы № 18/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4362 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
О. Амрин |