Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Приишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Приишим селолық округінің Повозочное селосының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы № 9 шешіміне (2010 жылы 16 желтоқсанында "Парыз", "Новатор" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-119 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Приишим ауылдық округі әкімі | А. Хабдулин |