Атырау облысында 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 106 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 4938 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейінгілерге - 402 (төрт жүз екі) теңге, 3-тен 7 жасқа дейінгілерге - 473 (төрт жүз жетпіс үш) теңге болып бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 106 қаулысына қосымша

2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекеннің атауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны

Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге)

Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар

Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар

Балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар

Туберкулез ауруымен ауыратын балаларға арналған топтар

1.

Атырау қаласы

16 874

45 874,75

41 845,41

84 845,97

68 635,18

2.

Жылыой ауданы Құлсары қаласы

3 973

-

41 845,41

84 845,97

-


Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Атырауской области на 2021 год

Постановление акимата Атырауской области от 21 апреля 2021 года № 106. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 23 апреля 2021 года № 4938

      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7-3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение на 2021 год согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) размер родительской платы за день на одного воспитанника в возрасте до 3-х лет - 402 (четыреста два) тенге, в возрасте от 3-х до 7-и лет - 473 (четыреста семьдесят три) тенге.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атырауской области Хаменову Б.К.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Атырауской области М. Досмухамбетов

  Приложение к постановлению акимата Атырауской области от 21 апреля 2021 года № 106

Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение на 2021 год

Наименование населенного пункта

Общее количество воспитанников в дошкольных организациях

Размер подушевого финансирования (средняя стоимост расходов) на одного воспитанника в месяц (тенге)

Группы общего назначения в сельской местности

Группы общего назначения в городской местности

Детские группы коррекционного типа

Группы для детей с туберкулезными заболеваниями

1.

город Атырау

16 874

45 874,75

41 845,41

84 845,97

68 635,18

2.

город Кульсары Жылыойского района

3 973

-

41 845,41

84 845,97

-