"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейінгілерге - 402 (төрт жүз екі) теңге, 3-тен 7 жасқа дейінгілерге - 473 (төрт жүз жетпіс үш) теңге болып бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |
Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 106 қаулысына қосымша |
2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны | Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге) | |||
Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар | Туберкулез ауруымен ауыратын балаларға арналған топтар | |||
1. | Атырау қаласы | 16 874 | 45 874,75 | 41 845,41 | 84 845,97 | 68 635,18 |
2. | Жылыой ауданы Құлсары қаласы | 3 973 | - | 41 845,41 | 84 845,97 | - |