Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 75-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 2476 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

  Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 75-VII шешіміне қосымша
  Атырау облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне қосымша

Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін, Атырау облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін айқындау:

      1) бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;

      2) бастапқы жарна сомасынан 50 пайызы, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.

      2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

      1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында қызмет ететін қажетті мамандар.

О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области" от 27 августа 2019 года № 352-VІ

Решение Атырауского областного маслихата от 29 сентября 2021 года № 75-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2021 года № 24716

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атырауского областного маслихата "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области" от 27 августа 2019 года № 352-VІ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4490) следующее изменение:

      приложение изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата А. Наутиев

  Приложение к решению Атырауского областного маслихата от 29 сентября 2021 года № 75-VII
  Приложение к решению Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ

Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области

      1. Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, определить размер жилищных сертификатов в Атырауской области:

      1) 90 процентов от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи;

      2) 50 процентов от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

      Сумма жилищного сертификата определяется в едином размере не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге для каждого получателя.

      2. Перечень категорий получателей жилищных сертификатов:

      1) семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов;

      2) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      3) неполные семьи;

      4) востребованные специалисты, осуществляющие трудовую деятельность в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта.