ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 75-VII шешіміне қосымша | |
Атырау облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне қосымша |
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін, Атырау облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін айқындау:
1) бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
2) бастапқы жарна сомасынан 50 пайызы, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар;
4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында қызмет ететін қажетті мамандар.