Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 21.04.2021 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 08-5/532 хатына сәйкес Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыршақты ауылдық округі "Долголевец" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасында вирустық диарея және инфекциялық ринотрахейт ауруларының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыршақты ауылдық округінің әкімі |
Ш. Калиев |