"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің:
1) 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 "Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4368 санымен тіркелген, 2019 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) 2019 жылғы 16 тамыздағы № 214 "Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4481 санымен тіркелген, 2019 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | Н. Бисембиев |