Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 4368 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 19.03.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 тіркелген) сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Тұрдағалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 16.08.2019 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Аудан әкімі А. Баженов

  Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 78 қаулысына қосымша

Қызылқоға ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

р/с

Ауылдық округтің атауы

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1

Миялы ауылдық округі

Миялы ауылы

1,95

2

Жангелдин ауылдық округі

Жангелдин ауылы

1,65

3

Ойыл ауылдық округі

Жасқайрат ауылы

1,55

Аққора елді мекені

0,95

4

Көздіғара ауылдық округі

Қоныстау ауылы

1,55

Қосқұлақ елді мекені

0,95

Бүйрек елді мекені

0,95

5

Тасшағыл ауылдық округі

Тасшағыл ауылы

1,55

Қоғам елді мекені

0,95

Қоныстау елді мекені

1,05

6

Жамбыл ауылдық округі

Қаракөл ауылы

1,55

Айдын елді мекені

1,05

7

Қызылқоға ауылдық округі

Қарабау ауылы

1,55

8

Тайсойған ауылдық округі

Тайсоған ауылы

1,45

9

Сағыз ауылдық округі

Сағыз ауылы

1,85

Кенбай елді мекені

1,3

10

Мұқыр ауылдық округі

Мұқыр ауылы

1,55

Жантерек ауылы

1,1

Жамансор ауылы

1,3

Кенбай ауылы

1,3

Тасқұдық елді мекені

1

Сокол елді мекені

1

Сарқұмақ елді мекені

0,95


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады