Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 17/221-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қоса берілген Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/32-VI "Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3820 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2016 жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Н. Абишов |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/13-VII шешімімен бекітілді |
Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
Осы Қағидалар қоғамдық адамгершілікті сақтау нормаларына және қаңғыбас жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарына негізделеді
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау және уақытша ұстау кезінде қатыгез қарым-қатынас жасауға жол берілмейді.
2. Осы Қағидалар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды, сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық), сондай-ақ олардың иелері анықталғанша уақытша оқшаулауда ұстау орнына тасымалдауға қойылған талаптарды белгілейді.
3. Қағидалар меншік нысандарына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қаңғыбас жануарлар – иелерін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар, иесінен қашып кеткен, иесінсіз және жауапты тұлғаның тарапынан қараусыз қалған жануарлар;
2) ветеринариялық ұйым – ветеринариялық іс-шараларды және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асырады.
2-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі
5. Аулау қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында жүзеге асырылады.
6. Аулау қаңғыбас жануарларды аулау кестесіне сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
7. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды іске асыратын мамандарға, осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды иемденуге, оларды сатуға, азаматтарға немесе ұйымдарға беруге жол берілмейді.
8. Қараусыз қалған, оның ішінде, қарғыбауы мен есептік белгісі бар, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда иесінің жетегінсіз жүрген, қоғамдық жерде үш сағаттан артық байлауда тұрған иттер мен мысықтар аулануға жатады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға азаматтардың денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістермен рұқсат етіледі.
9. Қаңғыбас жануарларды аулау қызметін іске асыру кезінде Ұйым мамандарының қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға құқылы екендігін растайтын Ұйыммен берілген куәліктері болуы тиіс.
10. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
11. Рұқсат етілген аулау құралдарына: тиісті сертификаты бар, әрекетке қабілетсіз ететін, дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ иттер мен мысықтарды аулау кезінде олардың өліміне әкеп соқпайтын өзгеде құралдар және құрылғылар жатады.
12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған орындарға жеткізіледі.
3-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауды ұйымдастыру
13. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған автокөлік, арнайы темір торшалармен жабдықталуы, арнайы белгілері және Ұйымның сымтетік нөмірі көрсетілген арнайы автокөлікпен тасымалдануы тиіс.
14. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік аулау кезінде зардап шеккен жануарларға шұғыл көмек көрсету үшін ветеринарлық препараттар жиынтығымен және табиғи желдету жүйесімен жабдықталған болуы тиіс.
15. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды өзге жануарлардың өлекселерімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау сәтінен бастап автокөлікте сегіз сағаттан артық ұстауға рұқсат етілмейді.
17. Күнделікті жұмыс уақыты біткеннен кейін автокөлік шанағына, қолжетімдегі темір торлар мен құрал-жабдықтарға санитариялық тазалау және дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.
18. Ауланған иттер мен мысықтарды арнайы пана орындарға тасымалдағаннан кейін әр бір қаңғыбас итпен мен мысықты тұраққа немесе уақытша ұстау бекетіне беру туралы аулау актісі түзіліп қол қойылады.
4-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулау орнында ұстау тәртібі
19. Ауланған иттер мен мысықтар уақытша оқшаулау орындарына орналастырылады.
20. Ұйым клиникалық тексеру, тіркеу жүргізеді, мынадай мазмұндағы арнайы журналдарға мәліметтер енгізеді: жануардың түрі, тұқымы, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырым белгілерінің болуы. Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің барлығы ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
21. Иттер мен мысықтарды тіркеу, ұстау, азықтандыру, тексеру, иттермен мысықтарды жою және оқшаулау орнын қажетті жабдықтармен қамту шаралары Ұйыммен қамтамасыз етіледі.
22. Темір торда 1 (бір) ғана ит немесе 1 (бір) мысық орналастырылуы мүмкін.
23. Темір торды күнделікті механикалық тазалау және залалсыздандыру жүргізіледі.
5-тарау. Иттер мен мысықтарды қайтару тәртібі.
24. Ауланған жануарларды қайтару және (немесе) беру туралы Ұйымға арыз немесе өтініш білдірген кезде иесі ұсынады:
1) жеке куәлік;
2) иттер мен мысықтардың ветеринариялық паспортын;
3) иттер мен мысықтарды ұстауға байланысты шығынды өтейтіндігі туралы өтініші.
6-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
25. Иелерінен екі ай ішінде өтініштер түспеген жағдайда ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар жансыздандырылуға жатады.
26. Жою туралы шешім комиссиямен қабылданады.
27. Жануарларды жояр алдын дәрілеу тәсілімен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген дәрі дәрмектермен жансыздандырылады.
28. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары немесе биотермиялық шұңқырлар) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материалдарды күйдіруге арналған көшпелі немесе стационарлық қондырғыларда (инсинератор) жүзеге асырылады.
7-тарау. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
29. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.