"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналардың:
1) "Түркістан облысы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген);
2) "Түркістан облысы елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/13-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |