Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 "Оңтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3196 болып тіркелген, 2015 жылы 10 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы, 1 тармағындағы және қосымшасындағы "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген сөздер "Түркістан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ш.Жетпісбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 "Оңтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "_____" ___________ №____ қаулысына.