ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6089 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкiмi | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 256 қаулысына 1-қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "10" наурыздағы № 68 қаулысына 1-қосымша |
Тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті қаржы көлемі, мың теңге | оның ішінде: | |||||
бірегей тұқым | элиталық тұқым | бірінші репродукция тұқымдары | екінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | |
1 050 000 | 4515,9 | 123737,58 | 201774,91 | 111787,5 | 101741,5 | 506442,62 |
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 256 қаулысына 2-қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "10" наурыздағы № 68 қаулысына 3-қосымша |
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Субсидия көлемі | 4 003 371,0 мың теңге |