Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 68 "2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы № 256 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қарашада № 25423 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6089 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкiмi У. Шукеев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 256 қаулысына 1-қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы "10" наурыздағы
№ 68 қаулысына 1-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті қаржы көлемі, мың теңге

оның ішінде:

бірегей тұқым

элиталық тұқым

бірінші репродукция тұқымдары

екінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

1 050 000

4515,9

123737,58

201774,91

111787,5

101741,5

506442,62


  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 256 қаулысына 2-қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы "10" наурыздағы
№ 68 қаулысына 3-қосымша

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
арзандатуға арналған субсидиялар көлемі

Субсидия көлемі

4 003 371,0 мың теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады