Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 - тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арыс қалалық мәслихатының "Сот шешімімен Арыс қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 17/115-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат хатшысы | А. Байтанаев |