"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 08-02-07/143 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. К.Алиевтің мүйізді ұсақ малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің толық жүргізілуіне байланысты Алғабас ауылдық округі Таңатар ауылы, Ж.Қауымбаев көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Алғабас ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6112 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округ әкімі | Қ. Төлепов |