Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің 21.06.2021 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасынның 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 09 наурыз № 08-02-07/73 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алғабас ауылдық округі Таңатар елді мекені Ж.Қауымбаев көшесінің тұрғыны Қ.Алиевтің уақ малынан "бруцеллез" ауруының анықталуына байланысты, Таңатар елді мекені Ж.Қауымбаев көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Алғабас ауылдық округінің әкімі | Қ. Төлепов |