Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 7 маусымдағы № 08-02-07/184 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ақтөбе көшесінің аумағында, уақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шараларды жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Т. Дәрменбаев |