Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 28.12.2021 № 29 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7)тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 31 наурыз № 08-02-07/103 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыңбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ елді мекені Ақтөбе көшесінің тұрғыны А.Алиевтің уақ малынан "бруцеллез" ауруының анықталуына байланысты, Ақбұлақ елді мекені Ақтөбе көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет- ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Мхиева |