Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 333 "2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.А. Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдуллаев |