Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 333 "2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 30 маусымдағы № 179 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шілдеде № 23345 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 333 "2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.А. Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады