Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 2, 12 баптарына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 қазандағы қорытындысы негізінде, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округінің ұлттық ат спорты алаңшасына Салыбек Сағымбекұлы есімі берілсін.
2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бірлескен қаулы және шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
Сессия төрағасы | Т. Жанысбаев |
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |