Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 202 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Құтырма ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Маяқұм ауыл округі Ө.Жәнібеков көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Маяқұм ауыл округі әкімінің "Маяқұм ауыл округі Ө.Жәнібеков көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6189 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Маяқұм ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маяқұм ауыл округінің әкімі | Б. Иманов |