Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округі әкімінің 15.07.2021 № 28 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 128 хатына сәйкес, Маяқұм ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Құтыру" ауруының шығуына байланысты Маяқұм ауыл округі Ө.Жәнібеков көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Маяқұм ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маяқұм ауыл округі әкімі | Б. Иманов |