Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 159 ұсынысы негізінде, Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Отырар ауыл округі әкімінің "Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Қ.Төлбасиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6118 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауыл округінің әкімі | Д. Үсетов |