Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Сайрам ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 07 қыркүйектегі № 363 "Сайрам ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 тіркелген және 2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | У.Садибеков |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "25" наурыздағы № 103 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жүмыс орындарының саны |
1. | "Усманов" шаруа қожалығы | 24 | 3% | 1 |
2. | "Нұр-шатемир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 30 | 2% | 1 |
3. | Жеке кәсіпкер "Исаев" | 15 | 4% | 1 |
4. | "Бирлашув" өндірістік кооперативі | 15 | 4% | 1 |
5. | "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 39 | 2% | 1 |
6. | "Дихан-К" өндірістік кооперативі | 23 | 3% | 1 |
7. | "ЯНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 48 | 2% | 1 |
8. | "Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 2% | 3 |
9. | "Компания Натур Продукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2% | 1 |
10. | "Татенали" шаруа қожалығы | 11 | 6% | 1 |
11. | Жеке кәсіпкер "BULOQ" | 10 | 6% | 1 |
12. | "Янги йул" өндірістік кооперативі | 30 | 2% | 1 |
Барлығы | 14 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "25" наурыздағы № 103 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жүмыс орындарының саны |
1. | "ЮКМЗ" акционерлік қоғамы | 100 | 2% | 2 |
2. | "Усманов" шаруа қожалығы | 24 | 3% | 1 |
3. | "Нұр-шатемир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 30 | 2% | 1 |
4. | Жеке кәсіпкер "Исаев" | 15 | 4% | 1 |
5. | "Бирлашув" өндірістік кооперативі | 15 | 4% | 1 |
6. | "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 39 | 2% | 1 |
7. | "Дихан-К" өндірістік кооперативі | 23 | 3% | 1 |
8. | "ЯНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 48 | 2% | 1 |
9. | "Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 2% | 3 |
10. | "Компания Натур Продукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2% | 1 |
11. | "Татенали" шаруа қожалығы | 11 | 6% | 1 |
12. | Жеке кәсіпкер "BULOQ" | 10 | 6% | 1 |
13. | "Янги йул" өндірістік кооперативі | 30 | 2% | 1 |
Барлығы | 16 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "25" наурыздағы № 103 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жүмыс орындарының саны |
1. | "ЮКМЗ" акционерлік қоғамы | 100 | 2% | 2 |
2. | "Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі" жеке мекемесі | 90 | 2% | 2 |
3. | "Нұр-шатемир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 30 | 2% | 1 |
4. | "Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 122 | 2% | 2 |
5. | "Е. Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық коледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 2% | 1 |
6. | "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 39 | 2% | 1 |
7. | "ЯНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 48 | 2% | 1 |
8. | "Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 2% | 3 |
9. | "Компания Натур Продукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2% | 1 |
Барлығы | 14 |