Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 04.10.2021 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 08-02-03/239 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Анемия ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Далабазар көшесінің № 28-42А тұрғын үйлері аралығына карантин белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |