"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 қыркүйектегі № 08-02-03/544 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Анемия ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Далабазар көшесінің № 28-42 А тұрғын үйлері аралығына белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Далабазар көшесінің № 28-42 А тұрғын үйлері аралығына карантинді белгілеу туралы" Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 27 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |