"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы № 36-332-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5003 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариланғаннан кейін Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Таскулов |