Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 36-332-VI "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-112-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26080 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы № 36-332-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5003 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариланғаннан кейін Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады