"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ аудандық мәслихаттың "Сот шешімімен Созақ ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4334 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Байғараев |