Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 29.07.2021 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 08-02-07/124 хатына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекені № 19 үй аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | А. Елибаев |