Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 08-02-07/204 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Қарабұлақ елді мекені № 19 үй аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6144 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Елибаев |