Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 08-02-07/254 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринария-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі Қызылкөл елді мекені Жыланды жайылымының мал қорасы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23258 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ғ. Пәрдебекұлы |