Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 21 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 шілдеде № 23258 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 01.09.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 01 маусымдағы № 08-02-07/202 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі Қызылкөл елді мекені Жыланды жайылымының мал қорасы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмкент ауылдық округінің әкімі Ғ. Пәрдебекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады