Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 26.04.2021 № 05 шешiмiмен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02-07/65 ұсынысы негізінде, Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекені, Қапал Батыр көшесі № 59А үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Аққұм ауылдық округі, Аққұм елді мекені, Қапал Батыр көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. "Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққұм ауылдық округінің әкімі | Б. Рахимов |