Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аққұм ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3 "Аққұм ауылдық округі Аққұм елді мекені Қапал батыр көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6115 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Аққұм ауылдық округінің әкімі | Б. Рахимов |