Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Төлеби ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 мамырдағы № 08-02-07/172 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің Зағамбар елді мекенінің Әл-Фараби көшесінде бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 "Шектеу шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6105 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Ауылдық округі әкімі | Х. Аширбеков |