Бірінші Мамыр ауылдық округі Зағамбар елді мекені Әл-Фараби көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6105 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 22 қазандағы № 56 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 22.10.2021 № 56 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/74 ұсынысы негізінде, Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар елді мекені, Әл-Фараби көшесі № 54 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елді мекені, Әл-Фараби көшесінің №40 үйден бастап № 70 үйдің аралығына шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Х. Аширбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады