"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 08-02-03/252 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бурцелез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Балықты ауылдық округі, Абай ауылы Абай көшесіне белгіленген шектеу іс шаралары тоқтатылсын.
2. Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 20 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6152 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оның ресми жарияланғаннан кейін Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Телгараев |